$ 447.4  477.55  4.76

Тоғыз өңірде ескерту жарияланды

Төтенше өрт қаупі сақталады, үсік жүреді.

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде және Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында және Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары