$ 447.4  477.55  4.76

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі ауыздықталған жоқ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 21 қыркүйекте теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды.

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 66 мәрте су шашылды. Әлі 7 гектар жерде қамыс өрті сөнген жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 21 қыркүйекте теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды.

«Қамыс өрті 14 қыркүйекте жергілікті уақытпен 20:40 шамасында басталды. Теңіз жағалауындағы батпаққа байланысты өрті сөндіру мүмкін болмады. Сол себептен, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның МИ-8 ВСУ-5 тікұшағымен әуеден су шашуға шешім қабылданды. Қамыс өртіне 21 қыркүйекте күндіз тікұшақтың су шашу құрылғысымен әуеден 33 мәрте су төгілді. Соның нәтижесінде қамыс өртінің бір ошағы, шамамен 400 шаршы метр аумақтағы жалын сөндірілді. Ал, кешке дейін әуеден 66 рет су шашылып, 3 гектардағы өрт жойылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Су тікұшақпен қамыс өртінің ошағынан 1,5-2 шақырым қашықтықта орналасқан көлден алынып жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері 7 техникамен 2 гектар аумақтағы қамыс өртін сөндірген. Жағалаудағы 7 гектарда қамыс өрті әлі сөндірілген жоқ.

Каспий теңізінің жағалауындағы метеорологиялық жағдайға тоқталсақ, жел оңтүстік-шығыстан соғып тұр. Жел екпіні – 5-10 метр/секунд, ал, ауа температурасы + 340С.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары