Назарбаев Қоры АҚШ сотына Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) мен OpenDemocracy-ге жала жапты деп айыптады, деп хабарлайды vlast.kz.
Бұған дейін ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған компанияның 7,8 миллиард доллар активтеріне иелік ететінін мәлімдеген болатын.
Қор журналистерден 75 мың доллар көлемінде өтемақы, сондай-ақ сот шығындарын өтеуді талап етіп отыр. OpenDemocracy бас редакторы Питер Гаген сот процестері басылымға ондаған мың фунт стерлингке түскенін айтты. Оның айтуынша, бұл сот ісі тәуелсіз журналистің аузын жабуға жасалған ашық әрекет.
– Біз шағын, коммерциялық емес медиа ұйымымыз. Оған бай және қуатты ұйым қоғамдық мүдде саласы деп сипаттағанымыз үшін шабуыл жасады, – деді ол.
Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының негізін қалаушы Дрю Салливан қазірдің өзінде орталықтарының Назарбаев Қорына қатысты жүргізген тергеудің растығын толық дәлелдеуге дайын екенін білдірді.
Еске салайық, 2022 жылдың қаңтар айының соңында OCCRP қазақстандық Vlast басылымымен және Қырғызстанның Kloop басылымымен бірлесе отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт қайырымдылық қоры туралы айтқан мақаласын жариялаған болатын. Материалға сәйкес, бұл ұйымдар 7,8 миллиард доллардың активтерін бақылайды және Қазақстанның бұрынғы президенті оларды бақылап, шешім қабылдай алады.
Осылайша журналистер «ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры» Назарбаев туралы фильм түсіру үшін жеті миллион доллар төлегенін анықтады.
Назарбаев қоры ұйымдарына қатысты OCCRP-дың журналисттік зерттеуі «дұрыс емес» екенін айтты. Қордың өкілі Жанет Тұрарбекованың айтуынша, олардың қоры тек университеттер мен мектептермен ғана айналысады. Оның пайымдауынша, орталықтың материалында оларды қалған қаражаттан бөлу керек, өйткені оларда «әртүрлі ұшақтар, ақылсыз активтер» жоқ.
Назарбаев қоры OCCRP-ке қарсы сотқа шағым түсіреді деген қауесет 2022 жылдың тамыз айының басында пайда болды. Содан кейін Салливан бұл пиар болуы мүмкін екенін айтты, өйткені қордың сотты жеңуге мүмкіндігі жоқ.