$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте колледж жатақханасында 1 курс студенті көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент коледждерінің бірінің жатқанасында 1 курс студенті көз жұмды. Деректер бойынша жігіт соққы салдарын көтере алмай, мерт болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған. Дәрігерлер жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді”,- делінген хабарламада.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент