Жаңалықтар 22.09.2022 сағат 21:26

Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

1996 жылғы тұрғын көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады.
Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды АқЖайық.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы атындағы көшеде болды.

«1996 жылғы тұрғын көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм тоғызыншы қабаттан секірген.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар