23.09.2022, 07:00

Шаңды дауыл, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазгидромет 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай Алмат облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бойынша ескерту жарияланды.

Тегтер: ауа райы