Жаңалықтар 23.09.2022 сағат 17:40

Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ведомство өкілдері атап өткендей, көлікті полиция капитаны шеніндегі учаскелік полиция қызметкері жүргізген.
Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қалалық ПД тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Жақсыбаевтың айтуынша, қайғылы оқиға 18 қыркүйекке қараған түні Момышұлы көшесінде болған. 

«Жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда оның жеке тұлғасы анықталып, қолға түсті. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеп жүрген қызметкер болып шықты. Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалды. Осы жағдайды пайдалана отырып, марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деді полиция өкілі брифинг барысында.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» және 347-бабымен «Жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету» бойынша тергеу басталды.

«Жаяу жүргінші қағып кеткен Hyundai автокөлігі уақытша ұстау изоляторына қойылды. Күдікті тұоғаның полиция қызметкері екеніне қарамастан, біз барынша қатаң шаралар қолданып, уақытша ұстау изоляторына қамадық», – деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Мирхат Әженов.

Оның айтуынша, бұл іс департамент басшылығының ғана емес, Ішкі істер министрлігі басшылығының да бақылауына алынған.

«Ол куәлік беруден бас тартты. Бірақ өз қылмысын мойындады. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - деді М. Әженов.

Ведомство өкілдері атап өткендей, көлікті полиция капитаны шеніндегі учаскелік полиция қызметкері жүргізген.

Azattyq Ruhy

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар