Ресейдегі мобилизациядан соң Қостанай облысына ағылған ресейліктер саны екі есеге артты, - деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы облыстық миграциялық қызмет хабарлады. Қостанай облысының мыңға жуық Ресей азаматы келген.
Шетелдік азамат Қазақстанның шекарасын кесіп өткен соң, қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарын құлақтандыру қажет.
Миграциялық қызмет шетелдік азаматтар мен қабылдаушы мемлекет тұрғындары Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауды талап етеді.
Шетелдік азаматтар да Қазақстан азаматтары секілді қолданыстағы заң аясында жауапкерішілік арқалайды.