$ 494.87  520.65  4.91

Өз оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен педагогке қатысты сот отырысы басталды

Информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген кезде жасөспірім қыз 15-те болған.

Сарыағаш ауданында мектеп қабырғасында оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Бұл іс Түркістан облысы қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Көптің жағасын ұстатқан оқиғадан соң мектеп директоры жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Экспресс К

9-сынып оқушысымен интимдік қатынас орнатты деген күдікпен үстінен іс қозғалған педагогқа Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі, 1- тармағымен (16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекет жасау) айып тағылып отыр.

Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Іс материалдары сотқа 16 қыркүйек күні келіп түсіп, 19-ына өндіріске қабылданған. Сөйтіп, судья Дәурен Мадалиевтің өндірісіне автоматты түрде бөлінген.

Бүгін, 23 қыркүйекте облыстық сотта алдын ала тыңдау өтті. Тараптарға іс материалдары таныстырылды. Келесі сот отырысы қай күнге белгіленгені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген кезде жасөспірім қыз 15-те болған.

Экспресс К бұған дейін Сарыағаш ауданында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінгені туралы жазды.

3 маусым күні педагогтың өз оқушысына үйленіп алғаны белгілі болды. Бұл туралы олар арнайы видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Дәл осы күні 24 жастағы мұғалім уақытша ұстау қапасына қамауға алынды.

Қоғамдық резонанс тудырған жағдайдан кейін мектеп басшылығы мен бірқатар педагог жазаланды. Ал мектеп директоры 9 қыркүйек күні жұмысынан босатылған. Бұл туралы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар Экспресс К тілшісіне айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары