$ 447.4  477.55  4.76

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам тірідей жанып кетті

Тағы 2 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, сонымен қатар 2 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Lada Kalina» көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан «Lada Kalina» өртке оранды.

Жол апаты салдарынан «Lada Kalina» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында мерт болды, ал «Nissan Teana» жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары