Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, сонымен қатар 2 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Lada Kalina» көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан «Lada Kalina» өртке оранды.
Жол апаты салдарынан «Lada Kalina» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында мерт болды, ал «Nissan Teana» жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.