$ 495.2  522.34  4.94

Қыркүйекте қанша Ресей азаматы Қазақстанда тұруға рұқсат алды

Кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей азаматтары да Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішпен жүгіне алады.

ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов ведомствоның брифингінде осы айда Ресейдің қанша азаматы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аслан Аталықов кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей азаматтары да Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішпен жүгіне алатынын атап өтті. Оның айтуынша, басты шарт – елде заңды түрде болу. "1 - 24 қыркүйек аралығында елде тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін 896 шетелдік жүгінді, оның ішінде 115 Ресей азаматы бар. Егер азамат елге заңсыз келсе, онда тұруға рұқсат алу туралы сөз болуы да мүмкін емес", - деп атап өтті спикер.

Ол Қазақстанда қалуға рұқсат алудың барлық негіздері "Көші-қон туралы заңның" 49-бабында егжей-тегжейлі жазылғанын да айта кетті. "Егер біз тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартатын болсақ, онда шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан 30 күн ішінде шығуы тиіс", - деп түйіндеді Аслан Аталықов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары