Жаңалықтар 27.09.2022 сағат 03:10

Ақтөбелік зейнеткер үйін сатып, алаяқ альфонсқа 36 млн теңге салып жіберген

Өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп алдаған.
Ақтөбелік зейнеткер үйін сатып, алаяқ альфонсқа 36 млн теңге салып жіберген
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбеде алаяқ онлайн арқылы зейнеткерді 36 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түсті. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.

Сонымен қатар, ол зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады.

Киберқылмыскерлер бұл туралы біледі, себебі олар «декорацияны» жақсы қолданады. Яғни өздерін іздеу жүйесіне енгізгенде шын адам есебінде тіркейді. Нақтырақ айтқанда өздерін жасыру мақсатында дәрігерлер, нотариустар немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады.

Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар