$ 494.87  520.65  4.91

«Жалға берілетін пәтер бағасын реттей алмаймыз» – министр

Әркімнің пәтері өзінің жеке меншігі ғой. Біз реттей алмаймыз.

Үкімет жалға берілетін пәтерлердің  бағасын реттей ала ма? Бұл сұраққа Үкімет куларында Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пәтерге жалға беру әр адамның азаматтық ұстанымына байланысты. Әркімнің пәтері өзінің жеке меншігі ғой. Біз реттей алмаймыз. Егер құқықбұзушылық фактілері кездессе, салық төлемесе, мемлекеттік кірістер комитеті пәтер иелерін тексере алады. Сол жағынан көмек көрсете аламыз. Сондықтан жалға алатын азаматтар өз құқықтары бұзылмауы үшін міндетті түрде бірнеше айға келісімшартқа отыруы керек. Сол кезде ешкім жайдан жай келіп, бағаны көтере алмайды. Заңға, сотқа жүгінуге болады, - деп түсіндірді министр.

Вице-премьердің айтуынша,  баспананы жалға беретіндер міндетті түрде салық төлеуі керек.

Егер келісімшарт болмаса, мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тексеріп, анықтау қиын. Жалға беріп отырғандар да Қазақстанның азаматтары ғой. Оларды жайдан жай барып, тексеру жүргізе алмаймыз, - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары