28.09.2022, 03:00

Астаналық мейрамхана қазақ тілінде іс-шара өткізуге тыйым салған

Фото: ашық дереккөз
Осындай саяси ерекше кезеңде, Қазақстан елінде куиз қазақша болса өткізбейміз деп айту қаншалықты дұрыс?!

Астана тұрғыны Дана Камазбек  Chechil Pub мекемесі іс-шараны қазақ тілінде өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеді,- деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бойжеткен желідегі парақшасында жазған.

Оның айтуынша,зияткерлік викторина өткізбек болып, оны өткізу үшін тиісті  орын іздеген. Осы ойын іске асырмақ болып, Chechil Pub мекемесне жүгінгенде ол іс шараны тек орыс тілінде ғана өткізуге болатынын естіп, наразы болғанын жазады.

"Мекеме қызметкерлері бойжеткенге осындай шарт қойыпты. Осындай саяси ерекше кезеңде, Қазақстан елінде куиз қазақша болса өткізбейміз деп айту қаншалықты дұрыс?! Меніңше бұл нағыз құрметсіздік!"-деп жазды ол.