Үшеуінің де еңбек өтілі жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейден келген дәрігерлерге Оралдағы ауруханалар 500-600 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын. Өйткені өңірде хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазір Ресейден келген екі дәрігер – эндоскопист пен инфекционистің құжаттары рәсімделіп жатыр. Ал үшінші маман әлі келіп жетпеген, шекарада тұр. Оның да құжаттары реттелген соң жұмысқа кіріспек. Барлық процедура заңға сәйкес жүргізіледі. Аурухана басшылығы жаңа қызметкерлердің тұрмыстық мәселесін шешуге де тырысамыз деп отыр.
"Еңбек өтілі бар: біреуінде - 8 жыл, біреуінде - 12 жыл, енді келетінінде - 15 жыл. Біздің беретін жалақы олардың алып жүрген жалақысымен салыстырғанда бірдей болып тұр. Сондықтан біздің жалақы олардың жалақысынан түк те аз емес. Сапалы жұмыс істесе, жұмысына адал болса, жалақы да, бәрі де болады", дейді БҚО Жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.