Жаңалықтар 28.09.2022 сағат 11:20

Найман қызбен қосылуға «Қожа» деген руым бөгет болып тұр

«Біз қожамыз, қарадан қыз алмаймыз. Қанымызды таза сақтаймыз», - деді олар.
Найман қызбен қосылуға «Қожа» деген руым бөгет болып тұр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістандық жігіт жақындарының найманның қызына үйленуіне қарсы екенін айтып қынжылды. Басынан өтіп жатқан оқиғасы туралы жазғанын ұсынып отырмыз.

«Қожалар» неге қарадан қыз алмайды?

Әке-шешем де, жалпы, туғандарым менің үйленуіме қарсы. Неге деріңіз бар ма? Мәселе менің шыққан тегіме байланысты болып отыр.

Мен Түркістандық Қожамын. Ал алайын деген қызымның руы Найман.

Әкем де, атам да, өзге де туған-туыстарым қажыға барған, шетінен молдалар. «Үйленемін» деп едім, «қызың қай ел?» десті туғандарым. «Осы Түркістанның найманы» деп едім. Барлығы шоршып түсті!

«Біз қожамыз, қарадан қыз алмаймыз. Қанымызды таза сақтаймыз», - деді олар.

Алғашында жұрт менімен қалжыңдасып жүр екен деп ойлағанмын. Бақсам, олар шындап бара жатыр. «Керек болса, Қожадан қызды өзіміз тауып береміз» дейді.

Бірақ сүймеген, жақсы көрмеген қызға қалай үйленемін? «Бәрібір жақсы көрген қызымды аламын» деп қырсықпақ едім, «осы өңірде толып отырған Қоңыраттан неге қыз қарамайсың. Найманда нең бар? Олар – сайтанды алдаған қулар. Ертең басыңа шай қайнатып жүрмесін», - деді бір туысым.

Қысқасы, олармен айтысудың қажеті шамалы екен.

Достарыма басымдағы жағдайды айтып едім, олар: «Сен 21 ғасырда өмір сүріп жатырсың. Руға қарау баяғының қалдығы. Туғандарың қарсы болса да қызыңды ал да, басқа жаққа кетіп қал», дейді.

Осы достарымның айтқаны дұрыс секілді. Не де болса өз сүйгеніме үйленемін. Бірақ туғандарым ақ батасын бере ме, жоқ па? Осы жағы қиын болып тұр.

 

Аян Мырзабек

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар