28.09.2022, 17:00

«Тоқаевтан пицца...»: Желіде Мемлекет басшысының атынан жалған аккаунт ашылған

Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген.

Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген. Бұл – фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.

«Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тараған», - деп жазады портал.

Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.

Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады.