28.09.2022, 18:20

Тәуелсіздік мерекесінде бір-ақ күн демалатын болдық

Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілектініне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады деп хабарланған болатын. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

«Бұл әзірге қаулы жобасы ғана, әлі ешнәрсе нақтыланбаған. Бұл құжат Ашық Үкімет сайтында 10 күн болуы керек, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әзірге, Премьер-Министр бұл құжатқа қол қойған жоқ», - дейді министрліктің баспасөз қызметі.