$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде 60 мың теңгелік банкнот пайда болғаны рас па? (ВИДЕО)

Дүкен осындай бір дана 60 мың теңге қайтарып тұр, дейді видео авторы.

Желіде 60 мың теңгелік жаңа купюра көрсетілген видео тарады. Осы орайда Massaget.kz тілшісі Ұлттық банкке жүгініп, ақпараттың қаншалықты шындық екенін анықтап көрді.

«Жігіттер, жаңа ақшаны кім көрді? Жаңа Yokohama-дан қысқы дөңгелектер алып жатсам, осындай бір дана 60 мың теңге қайтарып тұр. Ыңғайлы екен», - дейді видеодағы ер адам.

Ұлттық банктың баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, номиналы 60 000 теңгелік жаңа банкноттың шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Жаңа номиналдың шығарылуы ел экономикасының объектив қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ. Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы - 20 000 теңге», - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары