$ 494.87  520.65  4.91

Алуа Қонарова Украинадағы соғысты қолдаған Киркоровтың концертіне бармауға шақырды

"Киркоровты қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп жазды Алуа Қонарова.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі қазақстандық продюсер Алуа Қонарова Филипп Киркоровтың Астанадағы концертіне қарсы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы продюсер Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

"Қазақстанның мәдени өмірі қызып, көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Мыңдаған аудитория жинаған қазақстандық әртістермен бірге опен эйрлер ұйымдасырылуда. Алматыдағы Димаштың концерті бәрін дүр сілкіндіріп, ине-шаншар орынсыз өтті.

Ресейлік әртістер бізде әрқашан үлкен гонорар үшін өнер көрсететін. Жарайды, соғысты қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин секілді әртістерге ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ, астаналықтар дәл осы әншінің концертіне бармайтын шығарсыздар деген үміттемін. Оның ұстанымы естеріңізде шығар? Оны қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп жазды Алуа Қонарова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары