$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаевтың суреті бейнеленген 20 мың теңгелік банкнот қолданыстан шыға ма – Ұлттық банк жауап берді

Бұл банкноттар 3 млн тиражбен шыққан.

ҚР Ұлттық банкі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 20 000 теңгелік банкноттарды қолма-қол ақша ретінде пайдалану туралы сұрақтарға түсінік берді. Бұл банкноттарда Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бейнеленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген 20 000 теңгелік банкнот 2021 жылдың 1 желтоқсанында шектеулі тиражбен айналысқа шығарылған еді. Ұлттық банк мәліметінше, аталған банк шығарған банкноттардың қолма-қол ақша айналысындағы үлесі айналыстағы (жай) банкноттармен салыстырғанда өте аз.

"Мерейтойлық және номиналды банкноттардың айналыс мерзімі белгіленбеген. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және олар табиғи түрде тозған уақытта қолданыстан алынады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік банкноттарды қолданыстан шығару жоспарланбайды. Олар барлық басқа естелік банкноттар сияқты төлемдердің барлық түрлері, банк операциялары мен аударымдары үшін қабылдануы тиіс", - делінген ақпаратта.

Ұлттық банк қазір 20 мың теңгелік банкноттың жаңа үлгілері әзірленіп жатыр ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

"Ұлттық банк ұлттық валютаның жалғыз эмитенті бола отырып, банкноттар мен монеталардың номиналдарының құрылымын анықтайды, сондай-ақ айналыстағы банкноттардың тиісті сапасын қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялардың дамуымен халық арасында ажырату қиын банкноттарды қолдан жасау ықтималдығы артады. Осы себепті Ұлттық банк ұлттық валютаның банкноттарының қорғаныш қасиеттерін күшейту және қолдан жасаудан анағұрлым қорғалған банкноттарды шығару бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Шығару үшін бекітілген банкноттар мен монеталардың негізгі сипаттамалары мен дизайны туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылады", - деп қосты жауапты мекеме.

Сондай-ақ банк мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін жеткізді.

Еске салайық, Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай естелік банкнот шығарған еді. Мерейтойлық банкноттар 3 млн тиражбен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары