30.09.2022, 22:10

Путин Украинаның төрт аймағын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойды

– Бұл миллиондаған адамдардың қалауы, – деді Путин.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімдерге қол қойылғанын жариялады.

– Бұл миллиондаған адамдардың қалауы, – деді Путин.

Айта кетейік, Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығының бұзылуын мойындамайды және оның егемендігін сақтауды жақтайды.