01.10.2022, 07:00

Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады

Екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады деп болжанады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 қазанда еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтіледі.

Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады деп болжанады.

Қызылорда облысының орталықталығында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

 

Тегтер: ауа райы