Астанада сенбі, 1 қазан күні "ВИРАЖ-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлады терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Іс-шара 10.00-ден 12.00-ге дейін құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқу орталығының аумағында (АН64 айналма жолы, автобазардың артқы жағында) өтеді.
Іс-шараның мақсаты - түрлі дағдарыстық жағдайға, оның ішінде террористік көріністермен бірге әрекет ету жөніндегі міндеттерді орындауға күш пен құралдардың дайындығын тексеру.
Жаттығу түрлі қиын элементімен жауынгерлік жағдайлардағыдай өтеді.
Оқу-жаттығу шеңберінде автокөлік құралдарының қозғалысын, сондай-ақ, әскери техниканың, оның ішінде AN64 айналма жолының қозғалысын шектеу жөніндегі шаралар көзделген.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырды.