Жаңалықтар 02.10.2022 сағат 02:20

64 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырды

Тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған.
64 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ішкі істер министрлігі 21 қыркүйектен бері Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мәліметінше, 21-28 қыркүйек аралығында Ресей федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатары әдеттегіден 2-3 есеге көбейген. Тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған (29 қыркүйекте 22,5 мың адам келсе, 10,1 мың адам шығып кеткен; 30 қыркүйекте – 14,9 мың адам/11,6мың адам). Есептік кезеңде Ресей федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырған. Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты. Мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты жасалған қылмыстар тіркелмеген. Сонымен қатар ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артқан. Еске сала кетейік, бүгін, 1 қазанда премьер-министр Әлихан Смайылов көші-қон бойынша өзекті мәселелерге қатысты кеңес өткізді. Оның барысында Ресеймен шекарада Қазақстан азаматтарына бөлек дәліз бөлінгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар