02.10.2022, 11:00

Тоқаев педагогтарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады

Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.