$ 443.35  475.54  4.82

Бірде-бір жеңілмеген қазақ боксшысы 18-ші жеңісін қанжығасына байлады

Ол барлық жекпе-жектерінің 10-ын нокаутпен аяқтаған.

Қазақ былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтановтың рекорды - 18 жеңіс әрі шаршы алаңда бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Ол барлық жекпе-жектерінің 10-ын нокаутпен аяқтаған.

“Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) проф рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді”, деп жазды Prosports.kz.

Жерлесіміз Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Марсело Косереспен (31-5-1, 17 КО) жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Нұрсұлтановқа орта салмақтағы WBO International титулын қорғауға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары