Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар допингке қарсы VADA ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының "таза бокс" бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.
"Канело" Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз", - деп жазыпты допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.