$ 494.87  520.65  4.91

150 жылдық мерейтой: Қостанай облысында Ахмет пен Міржақыптың ескерткіші ашылды

Ахаңның тойын елмен бірге атап өту үшін ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірге арнайы келді.

Киелі Торғай төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы өтті. Бұл игі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айрықша назарында екені белгілі. Соған байланысты Президентіміздің тапсырмасымен Ахаңның тойын елмен бірге атап өту үшін ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірге арнайы келді, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерейтой аясында Торғай ауылында осы топырақтан түлеп шыққан Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған ескерткіш ашылды.

Екі арыстың әдеби музейі мен Ахаңның музей-үйі де көпшілікке таныстырылды. Осы ретте жыл басынан бері ұлт ұстазының мерейтойына орай ауқымды жұмыс атқарылғанын, елдімекендерге, көшелерге, нысандарға есімі беріліп, 12 томдық шығармалар жинағы жарық көргенін атап өткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары