03.10.2022, 07:00

Еліміздің алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.

Бүгін, 3 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, осы күні Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, батысында екпіні 23 м/с дейін барады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

«3 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Бүгін күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады», - деп мәлімдеді синоптиктер.

3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.

Тегтер: ауа райы