03.10.2022, 09:20

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны айтарлықтай төмендеді

Фото: ашық дереккөз
Сондай-ақ өткен тәулікте 32 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 жағдай тіркелді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.

Оның ішінде: Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 9, Ақмола облысында – 2, Абай облысында - 1, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 2.

Сондай-ақ өткен тәулікте 32 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Олардың ішінде Астана қаласында - 7, Алматы қаласында - 12, Ақмола облысында - 5, Қарағанды облысында - 4, Ұлытау облысында - 3, Павлодар облысында - 1 адам емделді.

Жалпы статистика бойынша 1 378 888 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.