$ 487.37  532.94  5.09

Атырау облысында мектеп оқушылары балабақшаның астан-кестеңін шығарған

Өші қалғандай сәбилердің мамық ойыншықтарын жыртып, қуыршақтарын қақ бөлген.

Атырау облысында мектеп оқушылары балабақшаға жасырын кіріп, астан-кестеңін шығарған.

Оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялады.

"Бүгін Құлсары қаласындағы (Атырау облысы) "Қызғалдақ" бала бақшасына 6-7 сынып оқушылары кіріп, әп сәтте ғимарат ішіндегі бүкіл затты қиратып шыққан.

Есіктер сынып, терезе шағылған. Кішкентай бөбектердің ойын бөлмесі, асханасы, тіпті киім ілетін шкафтары да қираған. Өші қалғандай сәбилердің мамық ойыншықтарын жыртып, қуыршақтарын қақ бөлген.

Күзетші бұзақылардың екеуін ұстап үлгеріпті. Бәрі де сол бақша маңайында тұратын жергілікті балалар", - деді Гүлмира Әбіқай.

Атырау облысының полицейлері жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Балабақша ішінде жасалған құқық бұзушылық дерегі бойынша 9 оқушының ата-анасы Жылыой ауданы Құлсары қаласына шақырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жинақталған құжаттар сотқа жолданды", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары