$ 494.87  520.65  4.91

Алматы тұрғыны келінін зорламақ болған

Кейін 35 жастағы әйелді ер адамның 23 жастағы ұлы да тепкінің астына алған.

Алматы облысы Қарасай ауданында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болып, ұрып-соққан. 

Кейін 35 жастағы әйелді ер адамның 23 жастағы ұлы да тепкінің астына алған. Алайда полицейлер тек бір ғана күдіктіні қамауға алған.

Президент жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Айман Омарованың сөзінше, әйелді қайын ағасы зорламақ болып, ұрып-соққан. Кейін ұрып-соғуға ер адамның ұлы да қосылыпты. 

«Қайын ағасы түнде бөлмесіне сүйреп, зорламақ болған. Әйел үйінен қашып шыққан. Ал ұлы Бекжан әйелді тепкіге алған. Салдарынан әйел көп қан жоғалтқан және көкбауырын алып тастады. Полиция тек ұлы Бекжанды ғана уақытша тергеу мекемесіне қамаққа алған. Әлі санкция болмаған. Оның әкесі А. сайраңдап жүр», – делінген жазбада.  

Полицейлердің мәліметіне сәйкес 35 жастағы әйелдің жансақтау бөліміне жатқызылғаны туралы ақпарат 27 қыркүйекте келіп түскен. 

«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде (Денсаулыққа қсақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары