Белгілі жаңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде радикализмді қолдайтын жастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. Оның айтуынша, жастар қара жамылып бетін бүркемелеп алып, салт-дәстүрімізге қайшы ашықтан-ашық насихат жасап жатыр. Мұның арты елде террористердің көбеюіне алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы! Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын!
Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде!
Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады! Тек қыздар емес жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды.
Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек!
Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар!
Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық!», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Тағы бір жазбасында салт-дәстүрді ұстанбайтын осындай бір қыздың «Уақытымызды күтіп жүрміз» деген сөзінен күдіктенетінін жеткізген.
«Мына видео Салт-дәстүрді ұстанбайтын қыздың парақшасынан алынды! Бұндай түсініксіз қара жамылып, түсірілген видеолары өте көп!
“Уақытымызды күтіп жүрміз”-, деген әңгімені естідім тікелей эфирінен! Қандай уақыт күтіп жүр?
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, хабарларыңыз бар ма? Мүмкін бұлар өздерін жарып жіберуге уақыт күтіп жүрген шығар, кім біледі?», - деп атап өткен.