$ 447.4  477.55  4.76

«Кеше түскен сурет»: Бекболат Тілеуханды Түркия президенті жеке қабылдаған

Не әңгіме болғанын әзір білмеймін. Бірақ бірге отырып қонақасы ішкен.

Әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Түркия президенті Режеп Ердоғанның қабылдауында болғандығы жайында ақпарат тарады. 

Бұл туралы Тоқтар Жақаш фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

"Бекболат Тілеуханның Тайып Ердоғанмен кездескен суретін "бұрынғы сурет" деп жатқандар үшін тағы бір суретін салайын, ал! Бұрынғы сурет емес. Дәл кеше түскен суреті. Ыстамбұлдағы "Көшпенділер ойыны" шарасынан кейін Бекболат Тілеуханды Түркия президенті жеке қабылдапты. Не әңгіме болғанын әзір білмеймін. Бірақ бірге отырып қонақасы ішкен.
Пысы: Суретті фотографтың өзі жіберді маған", деп жазды.  

"Түркілер бірігу керек деп отырған шығар", "Айналайын ғұмырлы болсын, қайда жүрсе де аман жүрсін, сай тасындай нар тұлғалы азамат қой құрдасыңыз!", "Бәрі бір идея, идеология, саясат астына топтасқандар!", деп жазды оқырмандар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары