$ 494.87  520.65  4.91

«Күлкімді келтірмеңдер»: Әлімханұлы «Канелоның» жанкүйерлерін орнына қойды

Мен ақша үшін емес, тарих жасау үшін жұдырықтасамын.

Кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет мәлімдеме жасап, әйгілі Сауль Альваресті оңай ұтатынын айтқан болатын. Бұл мексикалық жанкүйерлерге ұнамай қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Осыдан соң, боксшының командасы тағы да мәлімдеме жасап, Әлімханұлын ақша үшін жұдырықтасады деп айыптаған шетелдік фанаттарға жауап қатты.

“Біраз шулады. Әлі шулап жатыр. Кешегі сұқбат әлемді шарлап кетті. “Канелоны” оңай ұтам, ол өз пигінен кетті деген сөз әр тілге аударылып жатыр. Алварестің фанаттары, мексикалық сайттар мен олардың спорт парақшалары әлі жазып жатыр. Шетелдік кей бокс жанкүйерлері Канеломен шығуды ақша үшін деп ойлап, пікірлерін жаудырып жатыр. Өздерінің айтатын “Пей дэй” яғни ақша алатын күн дегендей… сылтау сөздері ғой! Бүгін Жәнібек солардың барлығына жауап берді.

Жәнібек Әлімханұлы твиттердегі парақшасында: “Пэй дей” деген не ол? Мені “Канеломен” ақша үшін бокстасады деп ойлайсыңдар ма? Мен өте баймын. Менде бәрі бар. Мен ақша үшін емес, тарих жасау үшін жұдырықтасамын. “Пэй дей” деп менің күлкімді келтірмеңдер” деп нүктесін қойды.

Құрметті жанкүйерлер, сіздер де белсенді болып бізді қолдап пікір жазып жүрсіздер. Барлығыңызға ризамыз. Тарихи күндер көп болсын!”, – деп жазды боксшының Facebook-тегі ресми парақшасы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары