$ 494.87  520.65  4.91

Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді.

6 қазанда Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таулы асуларда екпіні 23 м/с жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы