$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Сатыбалдының жазасын қай жерде өтейтіні белгілі болды

Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.

Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысында орналасқан колонияда өтейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ағымдағы жылдың 26 ​​қыркүйегінде Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.

"Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады.

"Сотталған адам апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады", - деп толықтырды ведомстводан.

Сондай-ақ, Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алатыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары