«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілгені анықталды.
Соңғы бес жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты. Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақылар алумен, жұмысқа қабылдаумен және қызмет бойынша ауысумен, сондай — ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз жеткізумен байланысты», - делінген хабарламада.

Мәселен, «Қазтеміртранс» Қостанай филиалының бұрынғы басшысы Усабековке қатысты қылмыстық іс бойынша оған вагондарды беру немесе бас тарту мәселесіне байланысты осындай заң бұзушылықтар анықталған.
Усабеков жасаған қылмыстары үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара беруші фирмаға Т24 млн. айыппұл салынды.