$ 443.85  474.3  4.8

«720 тұлға»: елімізде байлық салығы салынатындардың тізімі жасалды

Олардың 90,1 пайызы Астанада тұрады.

Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына сәйкес фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді.  

«Салық реформасы шеңберінде «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Ол қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді. Бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын болады», - деп хабарлады комитет өкілдері.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Сол сияқты, көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген.

Мәселен, 2021 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы 3,8 млн салық төлеушіден 15,3 млрд теңгені құрады. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны 3,0 млн адам немесе 78,4% – құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері.

«Сонымен бірге бағалау құны жоғары салық салу объектілері бар. Мәселен, құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы алғанда 610 млн теңге мүлік салығы есептелді. Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте, негізінен жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен нарықтық құны әртүрлі болатынын ескеру қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары