$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда азық-түлік 20 пайызға қымбаттады

Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік 19,7 пайызға қымбаттапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға көп.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік 20 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство ұсынған деректерге сүйенсек, өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар 0,1 пайызға, ал жыл басынан бері 19,6 пайызға қымбаттаған. 

Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік 19,7 пайызға қымбаттапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға көп.

"Өткен аптада бірінші сұрыпты жұмыртқа 1,2 пайызға қымбаттаса, пияз – 1,3 пайызға, сәбіз – 1,2 пайызға, құмшекер 0,7 пайызға арзандаған”,  – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары