$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында салафиттер ер адамды айуандықпен азаптап, оны видеокамераға түсірген

Төрт адамнан құралған топ жәбірленушіден сегіз миллион теңге талап еткен.

Маңғыстау облысында экстремизмге қарсы күрес департаменті қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп ақша бопсалаған деструктив діни ағым өкілдерін ұстады.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұсталғандар қару қолдану арқылы ақша бопсалаумен айналысқан.

"Төрт адамнан құралған топ жәбірленушіден сегіз миллион теңге талап еткен. Ақтаудағы жалдамалы пәтерге апарып, бопсалаушылар оны байлап, таңға дейін ұрып-соғып, азаптау үшін таяқ, пышақ, тапанша қолданған. Бәрі камераға түсірілген. Бұл 13 қыркүйекте сағат 23:30-да болған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық заттай айғақ тәркіленді. Бұл дерекке қатысты "Бопсалау" және "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт жігіт те псевдосалафит", - делінген хабарламада. 

"Лада" басылымы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары