Америкалық UFC файтері Джефф Нил қазақстандық Шавкат Рахмоновтың шақыруына жауап беріп, осы промоушеннің басты матмейкері Шон Шелбидің қоңырауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін Рахмонов америкалықпен алаңда кездесу үшін оған бірнеше рет жүгінді.
"Бүгін таңертең менің командам Шонға қоңырау шалды. Қалауыңа абай бол. Жақында кездесеміз, Рахмонов", - деп жазды Нил парақшасында.
Екі боксшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Нил бұл дивизионда алтыншы орында, ал Рахмонов оныншы орында.
Айта кетейік, Нилдің "даяшы және бармен" бағыты бойынша білімі бар. Он жыл бойы файтер мекемелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеді және бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жекке дейін жалғасты. 2020 жылы жазда, пандемия кезінде Джефф қайтадан бұл саладағы жұмысына оралды деп хабарланды.