Ертең астанада жыл сайынғы «Astana Marathon 2022» халықаралық марафонының өткізілуіне байланысты жолдар жабылып, автобус маршруттары өзгереді.
Марафон өтетін сағат 07:00 – 13:00 аралығында қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Марафон екі бағыттан тұрады:
1) 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 километр қашықтық:
«ЭКСПО» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр – Ұлы Дала – Нәжімеденовке дейін, кейін Ұлы Далаға кері бұрылып, К1 – Оңтүстік және оңтүстік-батыс айналма жол – Қарқаралы – Қабанбай батыр – Хусейн бен Талал – Қабанбай батыр – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре сызығы - «ЭКСПО» аумағы.
2) 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 километр қашықтық:
«ЭКСПО» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр көшесі – «Будапешт» тұрғын үй кешені ауданында кері бұрылып, Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре - «ЭКСПО» аумағы.
Сонымен қатар Астанада қала ішінде және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің маршруты өзгереді: олар - №43, 46, 47, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 320, 323.