08.10.2022, 17:20

Қазақстандықтар Республика күнінде екі күн демалады: Үкімет қаулыға қол қойды

25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке және демалыс күніне айналды.

Мемлекеттік мереке Республика күнін тойлауға байланысты Үкімет қаулысымен демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Биыл 25 қазанда Республика күні еліміздің ұлттық мерекесі мәртебесінде алғаш рет тойланғалы отыр. Демалыс күнінің кейінге шегерілуі жұмыс істейтін қазақстандықтарға мерекелік кезеңде демалыстарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2001-2009 жылдар аралығында бұл дата мемлекеттік мереке ретінде тойланып келген.

"Кейбір заңнамалық актілерге кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңмен қазақстандық мерекелердің күнтізбесі келесідей болып өзгертілді:

- 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұдан былай мемлекеттік мереке болмайды. - 16-17 желтоқсанда тойланатын ұлттық мереке мәртебесіне ие болған 16 желтоқсан мемлекеттік мерекеге айналды, бұл күн демалыс күні болып есептеледі.

- 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке және демалыс күніне айналды.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынған. 

22 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдаған. Тиісті заңды Парламент қабылдап, президенттің қарауына жіберген

29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке ретінде бекіту туралы заңға қойды. Сонымен қатар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды.