7 қазаннан 8 қазанға қараған түні сағат үштер шамасында Жамбыл облысының Бурный – Сұрым хабарламасымен Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызының вагонын жалын шарпыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрт пойыз Жамбыл облысынан өтіп бара жатқан уақытта тұтанған.
“Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келді. Олар жанып жатқан пойыз вагондарын екі жағынан вагондармен қоршауға алып, 34 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілген”, - деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, өрт пойыздың электр қондырғысынан шыққан. Полиция қызметкерлерінің келісілген әрекетінің нәтижесінде жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.