10.10.2022, 09:20

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Фото: olympic.kz
Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды.

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.