10.10.2022, 15:40

«20 метрге ұшқан»: Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр
Салдарынан 43 жастағы әйел мен 16 жастағы қызы сол жерде жан тапсырды.

Қайғылы оқиға Шымкентте 10 қазан күні таңғы сағат 10 шамасында болды. Mitsubishi Pajero көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жылдамдығын азайтпастан, жаяу жүргіншілерді қағып өтті.

Салдарынан 43 жастағы әйел мен 16 жастағы қызы сол жерде жан тапсырды. Соққыдан олар 20 метр жерге дейін ұшып кеткен.

Жол апаты болған жерде полиция мамандары тергеу жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалады.

polisia.kz