Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасы.
«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздеу шаралары кезінде Қутаяқсор көлінен 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесінен соң шешім қабылданады», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұраған.
Оның айтуынша, 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткен. Осы уақытқа дейін олар үйіне оралмаған.
9 қазанда Кутояксор көлін жағалауынан УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақша, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды.